1917 жылғы Сібір облыстық съездеріне қазақтардың қатысуы

Ғылыми мақала

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.65076/

Кілт сөздер:

архивтер, Сібір автономиясы, Алаш автономиясы, Сібір облыстық съезі, қазақ-сібір ынтымақтастығы, еволюция, ұлттық өзін-өзі анықтау

Аңдатпа

Мақалада Сібір облыстық қозғалысының өкілдері мен Алаш қозғалысы жетекшілері арасындағы өзара ықпалдастық тарихының маңызды кезеңі, яғни қазақ делегаттарының Бірінші Сібір облыстық съезіне (1917 жылғы 6-17 қазан) және Төтенше Жалпы Сібір облыстық съезіне (1917 жылғы 7-15 желтоқсан) қатысуы қарастырылады. Революцияға дейінгі кезеңнің өзінде ғылыми, қоғамдық-саяси және мәдени ынтымақтастық негізінде қалыптасқан қазақ ұлт зиялыларының өкілдері мен Сібір облыстық қозғалысы қайраткерлері арасындағы байланыстарға ерекше назар аударылады. Зерттеу Томск облысының мемлекеттік архиві (ТОМА) материалдарына, жарияланған архив құжаттарының жинақтарына, мерзімді баспасөз материалдарына, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектеріне негізделген. Жұмыста жалпы ғылыми, тарихи-салыстырмалы және тарихи-динамикалық әдістермен қатар архив материалдарын талдау және жүйелеу тәсілдері қолданылды. Тараптар арасындағы өзара ықпалдастықтың негізгі мына бағыттары талданады: бір-бірін саяси тұрғыдан мойындау қажеттілігі, билік органдарының өкілеттіктерін келісу, Алаштың аумақтық-саяси мәртебесі, әскери ынтымақтастық және большевиктік күштерге қарсы бірлескен күрес мәселелері. Ресейдің федеративтік құрылымын қалыптастыру, аумақтық өзін-өзі басқаруды дамыту және автономиялы құқықтарды кеңейту қажеттігі жөніндегі саяси ұстанымдардың ортақтығы екі тараптың ынтымақтастығына негіз қалады. Алаш қайраткерлерінің Сібір облыстық қозғалысының көрнекті өкілдерімен орнатқан жеке байланыстары да маңызды рөл атқарды. Ғылыми айналымға жаңа архив деректерін енгізу арқылы автор съезге қатысқан қазақ өкілдерінің сандық құрамын, сауалнамалық мәліметтерін, әлеуметтік-кәсіби сипатын және саяси ұстанымдарын нақтылайды. Қазан айындағы съезде әртүрлі қоғамдық-саяси ұйымдардың атынан он қазақ делегаты қатысты. Партиялық ұстанымдарының әркелкілігіне қарамастан, яғни кадеттер мен эсерлерден бастап «Алаш» партиясын қолдаушыларға дейінгі делегаттар өңір үшін маңызды негізгі мәселелер бойынша ортақ ұстаным танытты. Қазақ делегаттары съез төралқасының жұмысына, конституция жобасын әзірлеу секцияларына және билік органдарын (Сібір облыстық кеңесі мен комитетін) қалыптастыру ісіне белсенді қатысты. Ә. Бөкейхан мен Р. Мәрсековтің сөздерінде Ресей Республикасын федеративтік негізде құру, қазақ облыстарын біртұтас шаруашылық шағын ауданға біріктіру және аз халықтардың ұлттық өзін-өзі билеу құқығы қатаң сақталған жағдайда Сібір автономиясының құрамына уақытша ену идеялары негізделді. Желтоқсан съезіне қатысқан қазақ делегаттарының саны Орынборда II Жалпықазақ съезінің қатар өтуіне байланысты төрт адамға дейін азайды. Соған қарамастан, ұйымдық байланыстар жалғасын тауып, Ә. Ермеков Сібірдің атқарушы органдарының құрамына сайланды. Сонымен бірге тараптар арасында, ең алдымен, автономияның сипатына қатысты түбегейлі қайшылықтардың болғаны анықталды. Сібір үкіметі Алашты ұлттық-аумақтық мемлекеттік құрылым ретінде мойындауға келіспей, оның автономиялық құқық

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяны

  • К. Аканов, Жошы Ұлысын зерделеу ғылыми институты, Астана, Қазақстан

    ғылыми хатшысы

Әдебиеттер тізімі

Akkuly S. Alikhan Bukeikhan. Zaveshchanie. Vol. 2. Shymkent: “Aziat”. 2016. 628 p. )

Akkuly S. Alikhan Bukeikhan. Sobiratel kazakhskikh zemel. Vol. 1. Astana: “Alashorda” Public Foundation. 2017. 636 p.

Amanzholova D.A. Kazakhskii avtonomizm i Rossiia. Istoriia dvizheniia Alash. Moscow: “Rossiya Molodaya” Information Center. 1994. 216 p.

Amanzholova D.A. Iz istorii vzaimodeistviia Vremennogo Sibirskogo pravitelstva i Alash-Ordy. From the History of Interaction between the Provisional Siberian Government and Alash-Orda. Russkaya Starina. 2015. Vol. 13, Issue 1, pp. 5-18.

Amanzholova D.A. Iz istorii sopernichestva partiino-politicheskikh proektov i idei v Stepnom krae (nachalo XX v.). Russian Regions: A Look into the Future. No. 1 (6). 2016. Pp. 15-42.

Baidaly R.Zh., Kabuldinov Z.E., Aitmukhambetov A.A., Nauryzbayeva K.E. Civil-Legal and Public Activities of the Lawyer A. Turlybayev in Siberia in the Early 20th Century. Bylye Gody. 2017. Vol. 44, Issue 2, pp. 597-607. DOI: 10.13187/bg.2017.2.597.

Kudaibergenov K.Ch. (a) Epistoliarnye istochniki po istorii dvizheniia «Alash» (dokumenty iz fondov Gosudarstvennogo arkhiva Tomskoi oblasti Rossiiskoi Federatsii o voennoi perepiske i korrespondentsii Avtonomii «Alash»): Collection of Documents. 1st ed. Almaty: Turan University. 2018. 130 p.

Kudaibergenov K.Ch. (b) Epistoliarnye istochniki po istorii dvizheniia «Alash» (dokumenty iz fondov Gosudarstvennogo arkhiva Tomskoi oblasti Rossiiskoi Federatsii o voennoi perepiske i korrespondentsii Avtonomii «Alash»): Collection of Documents. 2nd ed. Nur-Sultan: Turan College. 2019. 168 p.

Kabuldinov Z.E., Baidaly R. "Kazakhskii Plevako” Aidarkhan Turlybaev. Qazaqstan Tarihy Portal. (Publication date: June 3, 2017). URL: https://e-history.kz/ru/publications/view/3199 (Accessed: July 1, 2019).

Lamin V., Shilovsky M. Siberian Autonomists (Regionalists) and Figures of the Alash-Orda. In: “Alash-tanym”: Collection of Scientific Articles. Vol. 1. Semey. 2012. Pp. 176-183.

Nam I.V. Natsionalnyi vopros v programmnykh ustanovkakh sibirskikh oblastnikov, zakonotvorcheskoi i politicheskoi praktike sibirskoi oblastnoi dumy (1917-ianvar 1918 g.). Tomsk State University Journal. 2004. No. 281. Pp. 47-57.

Nam I.V. Natsionalnye menshinstva Sibiri i Dalnego Vostoka na istoricheskom perelome (19171922 gg.). Tomsk. 2009. 500 p.

Sydykov E.B., Malysheva M.P. Sibir i Kazakhstan (Natsionalno-territorialnoe razmezhevanie Sibiri i Kazakhstana. 1919-1922). Semey. 2010. 390 p.

Pisma G.N. Potanina. Vol. 1. Compiled by A.G. Grumm-Grzhimailo, S.F. Koval, Ya.R. Koshelev, N.N. Yanovsky. 2nd ed., revised and expanded. Irkutsk: Irkutsk University Press. 1987. 280 p.

Potanin G.N. Pisma G.N. Potanina. Vol. 4. Irkutsk: Irkutsk University Press. 1990. 429 p. Seliverstov S.V. G.N. Potanin: Siberian Regionalism Between Westernism and Eurasianism (Second Half of the 19th – Early 20th Centuries). Tomsk State University Journal. 2007. No. 300 (I), July 2007. Pp. 107115.

Seliverstov S.V. Paths of Integration in the Eurasian Region in 1917: G.N. Potanin, A. Bukeikhanov, M. Chokay. In: Aziatskaia Rossiia vo vtoroi polovine XIX – nachale XX v.: problemy regionalnoi istorii: Collection of Scientific Articles, edited by Yu.A. Sorokin. Omsk. 2008. Pp. 162-171.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ОТАН ТАРИХЫ