Башқұрттардың құрамындағы қалмақтардың инкорпорациясының ерекшеліктері және олардың моңғол тілдес халықтармен этногенетикалық байланыстары
Ғылыми мақала
Кілт сөздер:
Қалмақ болыстығы, «Аюка қалмақтары», қалмақтар, башқұрттар, ассимиляция, генетикалық линия, Y-хромосомаАңдатпа
Башқұрттар құрамына этникалық топтардың инкорпорациялану процесі тек бейімделу арқылы ғана емес, сонымен қатар басқа этностардан шыққан адамдардың жеке рулық-болыстық бірлестіктер құруы арқылы да жүзеге асқан. Бұл Ойрат, Сарт, Меркіт, Қалмақ және басқа да болыстықтардың пайда болуымен дәлелденеді. Бірқатар башқұрт рулық-тайпалық қауымдастықтарының (тайпаларының) құрамында «қалмақ» атауын алған бөлімшелер (ара, аймақ, нәҫел) тіркелген. Мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің мақсаты – башқұрттар құрамындағы Қалмақ руының қалыптасуы мен олардың этногенетикалық байланыстарын анықтау. Осы мақсатқа сәйкес, қолда бар ғылыми әдебиеттерге кешенді талдау жүргізу, олардың деректерін этногенетикалық зерттеулер нәтижелерімен салыстыру, этномәдени бірегейліктің трансформациясы мен қалмақтардың демографиялық дамуы мәселелерін қарастыру жоспарлануда. Материалдар мен әдістер: Зерттеудің негізгі әдістері – салыстырмалы-тарихи және ретроспективті талдау. Авторлармен бұрын жарияланған ғылыми еңбектер мен архив материалдарының кең ауқымы қарастырылды, соның ішінде Ресей мемлекеттік көне актілер архивіндегі (РГАДА) «Қалмақ істері» қоры мен аймақтық архив құжаттары. Нәтижелері: XIII-XIV ғасырларда Башқұрт Орал аумағында жеке Уират (Ойрат) болыстығын құрған ойраттар белгілі себептерге байланысты шағын этникалық топ ретінде сақталмай, башқұрттардың басқа рулық топтарына толықтай енген. Мұрағат материалдары негізінде Зауралье Қалмақ болыстығын құрған қалмақ текті отбасылардың тағдырын зерделеу әрекеті жасалды. Бұл рулық топтың демографиялық дамуы талданды. Қалмақ атауын алған бөлімшелер Башқұртстанның басқа да аймақтарында, ең алдымен, оңтүстік және оңтүстік-шығыс башқұрт руларының құрамында тіркелген. Генетикалық зерттеу материалдарын салыстыру арқылы башқұрттардың, соның ішінде қалмақ текті рулардың, моңғол тілдес халықтардың түрлі этнографиялық топтарымен, сондай-ақ қазақтармен этногенетикалық байланысы қарастырылды. Қорытындылар: Әскери құрылымдардың салыстырмалы ұқсастығы мен шаруашылық жүргізу дәстүрлері, сондай-ақ бірқатар тарихи факторлар башқұрт-қалмақ этномәдени жақындасуының ерекше моделін қалыптастырды. Башқұрттар арасында орныққан қалмақтар қабылдаушы қауымдастықтың тең құқықты мүшелері ретінде құқықтар мен міндеттерге ие болды. Зауральедегі Қалмақ руының (Қалмақ болыстығының) ұрпақтары арасында Nlcl-F4205 (гаплотоп Nlc1-М178) генетикалық желісі кең таралған, бұл оларды моңғолдардың, тувалықтардың және қалмақтардың географиялық тұрғыдан алыста орналасқан кейбір рулық топтарымен байланыстырады. Қалмақ текті ұрпақтар башқұрттардың оңтүстік және оңтүстік-шығыс тайпаларының – Бөржән, Қыпшақ, Үсерген, Тангаур руларының құрамында да кездеседі.
##plugins.themes.default.displayStats.downloads##
Әдебиеттер тізімі
Balinova N., Post H., Kushniarevich A., Rodrigo Flores J., Karmin M., Sahakyan H., Reidla M., Metspalu Е., Litvinov S., Dzhaubermezov M., Akhmetova V., Khusainova R., Endicott Ph., Khusnutdinova E., Orlova K., Bakaeva E., Khomyakova I., Spitsina N., Zinchenko R., Villems R.,
Rootsi S.. Y-chromosomal analysis of clan structure of Kalmyks, the only European Mongol people, and their relationship to Oirat-Mongols of Inner Asia. European Journal of Human Genetics. European Journal of Human Genetics. 2019. Vol.27(9), pp. 1466–1474.
Азнабаев Б.А. Башкирское общество в XVII – первой трети XVIII в. Уфа: РИЦ БашГУ, 2016. 370 с.
Асфандияров А.З. История сел и деревень Башкортостана. Кн.9. Уфа: Китап, 2001. 304 с.
Дэн В.Э. Население России по пятой ревизии. Подушная подать в XVIII веке и статистика населения в конце XVIII века. В. Э. Ден. - Москва. 1902. - 2 т. - Отт. из Учен. записок имп. Моск. ун-та. Юрид. фак.; Вып. 21. 319 с.
История башкирских родов. Сарт и Калмак. Том 27. С. И. Хамидуллин, Б.А. Азнабаев, И.Р. Саитбатталов, И.3. Султанмуратов, Р.Р. Шайхеев, Р.Р. Асылгужин, В.Г. Волков, А.А. Каримов, А.М. Зайнуллин. Уфа: ИИЯЛ УНЦ РАН; Китап, 2017. 456 с.
История башкирских родов. Салъют, Терсяк, Сынрян, Бикатин, Сырзы, Шуран. Том 19. С. Хамидуллин и др. Уфа: ИИЯЛ УНЦ РАН: Китап. 2016. 584 с.
Кузеев Р. Происхождение башкирского народа. Этнический состав, история расселения. Уфа: ДизайнПолиграфСервис. 2010. 560 с.
Кузеев Р., Бикбулатов Н., Шитова С. Зауральские башкиры (этнографический очерк быта и культуры конца XIX – начала XX вв.). В: Археология и этнография Башкирии. I. Уфа, БФАН СССР. 1962. С. 171–267.
Надршин Ф. Башкирско-калмыкские взаимоотношения в XVII–XVIII вв. В: Башкиры Оренбуржья: История, традиция, культура. Оренбург. 2013. С.55–65.
Рычков П. Топография Оренбургской губернии. Уфа: Китап. 1999. 312 с.
Самигулов Г. Формирование тюркской группы калмак и Сарт-Калмакской волости в Южном Зауралье XVIII века. Научный диалог. 2018. No.9, с.275–294. https://doi. org/ 10.24224/2227-1295-2018-9-275-294
Самигулов Г. Аюкинские калмыки: к истории этнической группы. Вестник Челябинского государственного университета. История. 2015. Вып.64, no.14(369), с.45–50.
Тоган А. История башкир. [перевод с турецк. А.М. Юлдашбаева; авт. вступ. статей А.М. Юлдашбаев, И. Тоган] (перевод с турецкого). Уфа. Китап. 2010. 352 с.
Туған Ә.В. Бөгөнгө төркиле Төркөстан һәм яҡын тарихы. Көнбайыш һәм Төньяҡ Төркөстан. Өфө. Китап. 2014. 276 c.
Этнокультурная история населения Сафакулевского района (с древнейших времен до начала XX века). Под ред. Д.Н. Маслюженко. Курган: Изд-во Курганского гос. ун-та. 2021. 102 с.
Янгузин Р., Томашевская Н. «Новобашкиры»: численность, расселение (XVIII – середина XIX века). В: Демография башкирского народа: прошлое и настоящее: Материалы межрегиональной научно-практической конф., посвящ. II Всемир. курултаю башкир, 23 апреля 2002 г. с.49-55.

Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Р. Асылгужин, Э. Хабибуллин

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.