Ә.Х. Марғұланның архивіндегі материалдардағы Қазақстанның ортағасырлық тарихы мәселелері

Ғылыми мақала

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.65076/3105-0042.2026.4.21.35

Кілт сөздер:

Марғұлан, Қазақстан тарихы, этносаяси тарих, қазақтар, ортағасырлық Қазақстан, Қазақ хандығы, тарихнама, деректану

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде (ҚР ҰА) сақталған академик Ә.Х. Марғұланның жеке қорындағы құжаттар оның сан қырлы ғылыми мұрасының маңызды бағыттарының бірі – ортағасырлық Қазақстан мен Қазақ хандығы тарихы тұрғысынан талданады. Зерттеудің деректік негізін Ә.Х. Марғұланның ғылыми қызметіне қатысты істер сақталған архив қорлары құрайды. Негізгі назар Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіндегі (ҚР ҰА) Ә.Х. Марғұланның жеке архив қорларын деректанулық тұрғыдан талдауға аударылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінде (ҚР ОМА) сақталған жекелеген материалдар да пайдаланылды. Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде тарихилық қағидаты, ретроспективалық талдау әдісі және салыстырмалы-тарихи әдіс қолданылды. Архив істерін зерделеу негізінде ғалымның тарихи тұлғатануға қатысты зерттеулері, соның ішінде Едіге әмір, Тоқтамыс хан, Ораз-Мұхаммед, қазақ хандары мен билері туралы еңбектері, Шыңғыс ұрпақтарының генеалогиясына арналған ізденістері, сондай-ақ эпиграфика мен сәулет ескерткіштеріне қатысты зерттеулері қарастырылады. Олардың қатарында Жошы хан, Алаша хан кесенелері, Аяққамыр ескерткіші және Бытығай қалашығы бар. Академик Ә.Х. Марғұланның қолжазба деректерді анықтау, Ш.Ш. Уәлиханов мұрасын зерттеу, қазақтардың арғы ата-бабалары арасында отырықшы-қалалық және егіншілік мәдениетінің болғанын дәлелдеу, сондай-ақ қазақ мемлекеттілігі мен ру-тайпалық бірлестіктерінің қалыптасу кезеңдерін жаңаша пайымдаудағы рөлі ерекше атап көрсетіледі. Академиктің жеке қорынан Алтын Орда дәуірінің көрнекті тұлғалары – Едіге мен Тоқтамыс туралы мәлімет беретін халық ауыз әдебиеті үлгілері, ортағасырлық қалалар сәулеті мен жерлеу құрылыстарына қатысты деректер, Ораз-Мұхаммедтің кітапханасы туралы мәліметтер, сондай-ақ дала халықтарының тарихына арналған орыс шығыстанушыларының еңбектері анықталды. Ә.Х. Марғұланның жеке қорында жинақталған қолжазбалар мен архив құжаттары ортағасырлық Қазақстан тарихын зерттеудегі аса құнды дерек көзі болып табылады. Алайда олардың ғылыми әлеуеті қазіргі зерттеулерде әлі толық игерілген жоқ. Көрнекті қазақ ғалымының жеке қор материалдарын ғылыми айналымға енгізу Қазақ хандығының тарихын, оның белгілі тұлғаларын, сондай-ақ ортағасырлық археологиялық және мәдени ескерткіштерді тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Ғалым көтерген мәселелер – ортағасырлық қалалардың орналасуын анықтаудан бастап Қазақ хандығының құрылған уақытын межелеуге дейін – бүгінгі күні де ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ және қазіргі тарихшылар үшін маңызды деректанулық негіз болып қала береді. Сонымен қатар академик Ә.Х. Марғұланның жеке қоры Қазақстан медиевистикасының тарихын зерттеуде де құнды дерек болып саналады. Қолжазбалар мен конспектілерді талдау тарихшының шығармашылық және зерттеушілік үдерісін, яғни оның ғылыми "зертханасын" ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Қазақстанның зияткерлік тарихын және жалпы тарих ғылымының даму жолдарын зерделеуге елеулі үлес қосады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяны

  • К. Аканов, Жошы Ұлысын зерделеу ғылыми институты, Астана, Қазақстан

    PhD, ғылыми хатшысы

Әдебиеттер тізімі

Abdukhaimov E. F. Perepiska patriarkha sredneaziatskoi arkheologii M.E. Massona s akademikom A.Kh. Margulanom. Bulletin of Science of South Kazakhstan. 2018. Vol.2, no.2, pp.79-84.

Amanzholova K. B. Lichnaya biblioteka akademika A. Margulana kak kulturno-istoricheskoe nasledie. In: Libraries and Museums as Cultural and Scientific Centers: Historical Retrospective and a Look into the Future: On the 190th Anniversary of the Founding of the Rumyantsev Museum: Proceedings of the International Scientific and Practical Conference. Moscow. April 24–25, 2018. Part 1. Moscow: Pashkov Dom. 2018. Pp.24–27.

Argynbaev Kh. A. Masanov N. E. Kratkii ocherk pedagogicheskoi i obshchestvennoi deyatelnosti akademika Akademii nauk Kazakhskoi SSR. In: Alkey Khakanovich Margulan. Materials on the Bio-bibliography of Scientists of Kazakhstan. Alma-Ata: “Nauka” Publishing House of the Kazakh SSR. 1984. Pp. 21-28.

Baqytuly M. Nomadicheskaya istoriya Ulytau. [Place not stated.]: [Publisher not stated]. 2021. 364 c.

Bedelbaeva M. V. Vklad K. I. Satpaeva v stanovlenie arkheologicheskoi nauki Kazakhstana. Kazakhstan archeology. № 2 (4). 2019. P. 89-104.

Valikhanov Ch. Ch. Sobranie sochinenii v pyati tomakh. Volume 1. Alma-Ata: Main Editorial Office of the Kazakh Soviet Encyclopaedia. 1984. 432 p.

Valikhanov Ch. Ch. Sobranie sochinenii v pyati tomakh. Volume 4. Alma-Ata: Main Editorial Office of the Kazakh Soviet Encyclopaedia. 1985. 463 p.

Zhumashev R.M., Myrzakhmetova A.Zh., Kozhabekov D.S. Alkei Margulan: syuzhet intellektualnoi biografii. Bulletin of Karaganda University. Series “History. Philosophy”. 2023. Vol.111, no.3, pp.35-43. https://doi.org/10.31489/2023hph3/35-43

Zhumashev R.M., Bedelbaeva M.V. Unpublished materials for the discussion of “History of the Kazakh SSR” of 1943: speech by A. Margulan (to the 120th anniversary of the birth of Academician). Kazakhstan archeology. 2024. Vol.24, no.2, pp.124–138.

Istoriya Kazakhskoi SSR c drevneishikh vremen do nashikh dnei. Alma-Ata. 1943. 670 p.

Lapin N.S. Sultan Uraz-Mukhammed i kazakhsko-russkie posolskie svyazi v kontse XVI v. (po materialam RGADA). Otan tarikhy. 2021. Vol.96, no.4, pp.65-75.

Manapova A.M. Akademik Alkei Khakanuly Margulan murasy. Kazakhstan archeology. 2018. No.1-2, рр.48-58.

Alkei Khakanovich Margulan. Academy of Sciences of the KazSSR; [Compiled by Sh.N. Kulbaev, D.N. Kazbekova). Alma-Ata: Nauka. 1984. 67 p.

Margulan D.A. Zhizn i nauchnaya deyatelnost A.Kh. Margulana. Tvorcheskii obraz uchenogo Margulan A.Kh. In: Composition in 14 volumes. Vol. 1. Begazy-Dandybaev culture of Central Kazakhstan (Compiled by D.A. Margulan, D. Margulan). Almaty: Atamura. 1998. P.8-14.

Margulan D.A. Zhizn i nauchnaya deyatelnost A.Kh. Margulana. Obraz uchenogo i chelovek. Kazakhstan archeology. 2018. No.1-2,рр.37-47.

Sakenov S.K., Burbaeva S.B., Bukesheva G.K., Kukushkin A.I. Novye issledovaniya na gorodishche Bytygai. Kazakhstan archeology. 2021. Vol.14, no.4, pp.134–147.

Shakieva A.S. Osobennosti osveshcheniya istorii Ulusa Dzhuchi v "Istoriyakh Kazakhskoi SSR" v 1940–1950-kh godakh. Golden Horde Review. 2023. Vol.11, no.1, pp.220–241.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-12-10

Журналдың саны

Бөлім

ОТАН ТАРИХЫ