Әмір Рукн ад-дин Байбарс әл-Мансури ад-Дауадардың «Зубдат аль-фикра фи тарих аль-хиджра» еңбегіндегі түркизмдер мен моңғолизмдер

Ғылыми мақала

Авторлар

Кілт сөздер:

мәмлүктер, моңғолдар, татарлар, Египет, орта ғасыр, ерте бахриттік кезең, тарихи хроника, кірме сөздер, түркизмдер, моңғолизмдер

Аңдатпа

Мақалада мәмлүк дәуірінің жарқын өкілі – әмір Рукн ад-Дин Байбарс әл-Мансури ад-Дауадардың (1325 жылы қайтыс болған) XIV ғасырдағы маңызды тарихи хроника болып саналатын «Зубдат әл-фикра фи тарих әл-хиджра» («Хиджраның жылнамасы бойынша ойлардың кілегейі») еңбегіндегі кірме сөздерді ұсынуға әрекет жасалады. Шығарманың құндылығы автордың өзі көптеген оқиғалардың куәгері болуында. Мәмлүк мемлекетінде жоғары қызмет атқара отырып, ол ішкі және сыртқы аренада қалыптасқан жағдай бойынша хабардар болып, ақпаратқа тікелей қол жеткізе алды. «Зубдат әл-фикра фи тарих әл-хиджра» еңбегі алғаш рет 1998 жылы араб тілінде толық көлемде жарық көрді. Оны жарыққа шығарған Д. Ричардз болды. Қазіргі уақытта ол іс жүзінде әлемнің басқа тілдеріне аударылмаған. Оның жекелеген үзінділерін орыс тіліне аудару жүзеге асырылды. Алайда, шығарма әр түрлі елдердің мәмлүктанушылары арасында кеңінен таралған және мамлюк дәуірі бойынша негізгі дереккөздердің бірі болып табылады. Атауы бойынша баяндалатын мәліметтер хронологиялық тәртіппен орналастырылған және мұсылман күнтізбесі – хиджраға негізделеді. Олар мұсылман әлемінің белгілі тұлғаларының өлімі туралы хабарды, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс өңірінде сипатталған кезеңде орын алған негізгі оқиғаларды қамтиды, сондай-ақ қысқаша түрде Хулагуидтер, Алтын Орда және т.б. тарихты қамтиды. Өзінің тарихи маңыздылығынан басқа, қаралып отырған еңбек тіл және баяндау стилі тұрғысынан да қызығушылық тудырады. Д. Ричардздың басылымын орыс тіліне толық аудару барысында біз араб тіліндегі мәтінде әртүрлі тілдерден алынған кірме сөздерін анықтадық. Олар көбінесе шығарманың тақырыбына  байланысты персизмдерді, түркизмдерді және моңғолизмдерді қамтиді. Персизмдерге келетін болсақ, олар мәмлүк дәуіріндегі араб тілі лексикасының органикалық бөлігі болып табылады. Осы зерттеудің мақсаты –  «Зубда» мәтінінде түркизмдердің бар екенін көрсету және олардың қолданылуын негіздеу. Біздің байқауымызша, олардың саны мәмлүктер тарихы мен мәмлүк-моңғол өзара іс-қимылы  бойынша басқа да дереккөздермен (Абу-л-Фида және т.б.) салыстырғанда көп болып көрінеді. Бұл жағдай, ең алдымен, автордың араб тіліне аударылмаған жекелеген сөздер мен терминдерді баяндау мәтініне қосатыны оның түркі тегімен түсіндіріледі деп ойлаймыз. Егер олардың кейбіреулері мәмлүктану саласындағы тарихи терминдерді (мысалы, санджак, хан, қаған және т.б.) білетіндіктен әртүрлі тілді оқырмандар мен зерттеушілерге түсінікті болса, онда басқаларының мағынасын тек түркітілдес адам ғана түсінеді (мысалы, «сұйық» – сұйық, «намазлық» – намаз жасауға арналған кілем және т.б.). Осы фактіні ескере отырып, Рукн ад-Дин Байбарс әл-Мансури ад-Дауадардың «Зубдат әл-фикра фи тарих әл-хиджра» шығармасында түркизмдердің толық глоссарийін құру маңызды болып табылады. Мұндай әрекеттерді бұрын жекелеген зерттеушілер, атап айтқанда, араб елдерінің өкілдері жасаған еді. Бірақ олардың қазіргі түркі тілдерінің бірін білмеуінен олар мәмлүк дәуіріне қатысты негізгі терминдерді ғана анықтайды. Ал ортағасырлық хроникалар мәтінінде түркі текті қарапайым сөздерді де табуға болады. Қарастырылып отырған мәселе пәнаралық сипатқа ие және тарихшылар, шығыстанушы-арабтанушылар, тілшілер, түркітанушы мен қазақ филологтары арасында пікірталас тақырыбына айналуы мүмкін деп есептейміз. Зерттеуде қойылған мақсат туындының араб тіліндегі түпнұсқасына тікелей жүгіну және түркизмдер мен моңғолизмдердің мәтіндік іріктемесі, сондай–ақ олардың қолданылу контекстін анықтау әдістері арқылы жүзеге асырылады. Бұл еңбектегі түркизмдерді анықтау тек оның тілі мен стилін сипаттау үшін ғана емес, сонымен қатар мәмлүктер мысалында түркілердің ислам өркениетіндегі орны мен ықпалын айқындау үшін де маңызды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяны

  • С. Толеубаева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    Шығыстану кафедрасының профессоры м.а., филология ғылымдарының докторы, доцент

Әдебиеттер тізімі

Abzalov L.F. Tjurkskij jazyk v oficial'nom deloproizvodstve Ulusa Dzhuchi v XIII stoletii. Uchenye zapiski Kazanskogo gosudarstvennogo universiteta. Gumanitarnye nauki. 2008. Vol.150, kn.8, pp. 176-182. (in Russian)

Abdulhafiz Abulllah Atyjjja. Mudzham asma salatyn wa umara al-mamalik bimysr ua-sh-sham (min hilali ma warada ala amairihim ua fi-l-wasaik wa-l-masadir at-tarihija). Qairo, Dar an-Nil. 161 p. (in Arabic)

Abdulaziz Mahmud, Abduddaim. Tasirat al-magul al-hadarija ala daulat salatyn al-mamlik. Madzhallat al-muarrih al-misrijju. 1989. No. 3. Pp. 109-150. (in Arabic)

Amitai R. Mamluks of Mongol origine and their role in early political life. Mamluk Studies Review. 2008. Vol.12, no.1, pp.119-137. (in English)

Dahman, Muhammad Ahmad. Mudzham al-alfaz at-tarihija fi-l-asr al-mamlukiy. Beirut: Dar al-fikr al-muwasyr, Damask: Dar al-fikr. 1990. 160 p. (in Arabic)

ad-Dawadar, al-amir Rukn ad-Din Baybars al-Mansuri. Zubdat al-fikra fi tarih Al-hidzhra. Tahkik Dunald Richardz. Beirut. 1998. 509 p. (in Arabic)

ad-Dawadar Baybars. https://ar.wikipedia.org/wiki/بيبرس_الدوادار. Data obrashcheniya 10.01.2022. (in Arabic)

Zainuddinov D.R. Alians mezhd Mengu Timurom i Abagoi: problema interpretatsii istochnika i perevoda persidskikh i tiurkskikh terminov v arabskikh tekstakh (na primere «Sbornika materialov, otnosiashchikhsia k istorii Zolotoi Ordy. Izvlecheniia iz sochinenii arabskikh. Tom I. sostavlennogo V.G. Tizengauzenom). (in Russian). The Golden Horde Review. 2015. No.1, pp.95-105.

Zubdat al-fikra fi tarih al-hidzhra. Hauadis (501-538 h) wa (621-649 h). Nusus tarihija lam tunshar min kabl lil amir Rukn ad-Din Baybars al-Mansuri ad-Dawadar (hawalay 650 - 725 h). Tahkik ustaz duktur Umar Abdussalam Tadmuri. Saida – Beirut, al-Maktaba al-asriya. 2016. 223 p. (in Arabic)

Zubdat al-fikra fi tarih al-hidzhra. Taalif Baybars ad-Dawadar (al-dzhuz at-tasi). Tahkik ad-duktura Zubayda Muhammad Ata. Tabaat 2019. Giza, Ain liddirasat wa-l-buhus al-insanija wa-l-idzhtimaijja. 2019. 384 p. (in Arabic)

Qaimat alkab wa mustalahat mamlukiya.https://ar.m.wikipedia.org/wiki/قائمة_ألقاب_ومصطلحات_مملوكية . Data obrashcheniya: 05.03.2025. (in Arabic)

al-Mansuri, Baybars. https://en.wikipedia.org/wiki/Baybars_al–Mansuri. Data obrashcheniya 20.01.2022. (in Arabic)

al-Masri, Rukn ed-Din Baybars al-Mansuri. Slivki razmyshleniya po chasti letopisaniya hizhdry. V. Iz letopisi Rukneddina Bejbarsa. Perevod V.G. Tizengauzena. Sbornik materialov, otnosyashchihsya k istorii Zolotoj Ordy, tom I. Izvlecheniya iz sochinenij arabskih. SPb, 1884. http://www.vostlit.info/Texts/rus17/Baibars_al_mansuri/text1.phtml?id=12577. Data obrashcheniya 05.08.2021. (in Russian)

Pilipchuk YA. Mech islama: tyurkskaya gvardiya v Egipte. CHast' 2. https://realnoevremya.ru/articles/105622–yaroslav–pilipchuk–o–mamlyukah. Data obrashcheniya 05.08.2021. (in Russian)

Porsin A.A. Istoriya Zolotoj Ordy konca XIII - XIV vekov v trude Rukn ad-Dina Bejbarsa al-Mansuri «Zubdat al-fikra». Kazan, Institute of the History of the Years. Black. R a marjania. 2018. 276 р. (in Russian)

Saki K. Yurta na vershine piramidy. Nur-Sultan, Foliant, 2020. 160 p. (in Russian)

Tafasyl al-uasika. King Abdulaziz University. https://www.kau.edu.sa/Show_Res.aspx?Site_ID=306&Lng=AR&RN=2950. Data obrashcheniya 20.01.2022. (in Arabic)

Filippov A. Stanovlenie gosudarstva mamlyukov v Egipte vo vtoroj polovine XIII veka. Minsk, «IVC Minfina». 2021. 352 p. (in Russian)

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Журналдың саны

Бөлім

ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.