Қазақ этносының тарихындағы Шағатай ұлысы мен Моғұлстанның орыны: қазақтардың дәстүрлі тарихи жадын талдау
Ғылыми мақала
Кілт сөздер:
Шағатай ұлысы, Моғұлстан, Жошы ұлысы, Тарихи жады, қазақтың шығу тегі, рулық жүйеАңдатпа
Осы зерттеудің пәні ретінде Шағатай ұлысы мен Моғұлстанды мекендеген халықтың Қазақ хандығы кезеңіндегі Жетісу халқымен этногенетикалық байланысының ықтималдығын талдау болып табылады. Зерттеудің мақсаты – Моғұлстанның рулық жүйесінің қазақтың Ұлы жүзімен тікелей ауыспалылығы болмау жөніндегі қағиданы негіздеу. Талдау жасау үшін генеалогиялық аңыз – шежіре түрінде сақталып өз бірегейлігі мен шығу тегі жөнінде көзқарастарды білдіретін қазақтың тарихи жадының мәліметтері қолданды. 18 ғасырдың соңынан бастап жазба түрінде тіркелген генеалогияларға негізделсек, үш жүздің қазақстары өзінің шығу тегін тек қана Жошы ұлысымен байланыстырғанын және Жошы әулетінің Жошы/Жайылхан, Өзбек, Сыбан/Сапиан сияқты өкілдерін өз шежірелеріне қосқанын көреміз. Ұлы жүз қазақтарының шежірелері бойынша бүкіл жүз тайпалараның арғы атасы – Майқы би, оның Жошы мен Батудың серіктесі болған үйшін Байқу деген шынайы прототипі болған. Кейбір Орта және Кіші жүз тайпалары Моғұлстан құрамына кірген рулық топтардан таралыуы мүмкін, бірақ олардың шежірелерінде бұл факт көрініс таппаған. Ұлы, Орта, Кіші жүздердің түрлі ру-тайпаларының генеалогиялық аңыздары ұқсас сюжеттер мен персонаждарға толы. Бұл факт кейбір әр-түрлі бірлестіктерге кірген ру-тайпалардың шығу тегі бір екенін көрсетеді. Жүздерге бөліну мен руладың жүздер арасында бөлісуі – бергі кезде пайда болған құбылыс деуге болады. 17-18 ғасырларда қазақтарды Жетісу жерінен ойраттар ығыстырып жібергенін және ру-тайпалар арасында үздіксіз жерлерді қайта бөлу процесстер орын алғанын ескерсек, Моғұлстан халқының Ұлы жүзбен тікелей этногенетикалық байланысы мүмкін есмес екенін көреміз. Жошы ұлысымен тарихи байланыс тек қазақтардың ғана емес, қырғыз тайпалардың да тарихи жадында көрініс тапты. Қырғыз халқының эпилалық дәстүрі қазақ дәстүрімен тығыс байланысты және жошы дәстүріне тән элементтерді сақтап қалды, оның ішінде Едіге жөніндегі, бас кейіпкерледін тегі ноғайдан шығуы жөнінде, Жошының өлімі жөніндегі аңыздар. Осының барлығы қазақтың Ұлы жүзінің біраз бөлігі мен кейбір қырғыз тайпалары Жошы ұлысының құрамында қалыптасқанын белгілейді, шығу тегі бойынша моғұлстандық болып танылатын Жетісу халқының топтары, қазақ халқының құрамына кірген соң өзінің моғұлстандық тегі жөніндегі тарихи жадынан толық айырылып қалды.

Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 А. Кузембайұлы, Е. Әбіл

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.