Еркін Әуелбековтың өзі басқарған аймақтардағы тұрғындардың рухани-мәдени дамуы мен күнделікті өміріндегі рөлі (1960-1989 жж.)

Ғылыми мақала

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.65076/3105-0042.2026.4.137.155

Кілт сөздер:

Еркін Әуелбеков, күнделікті өмір, әлеуметтік-тұрмыстық жағдай, рухани-мәдени даму, ұлттық мәдениет, тарихи жады

Аңдатпа

Мақала кеңестік кезеңдегі белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің өзі қызмет атқарған аймақтардағы тұрғындардың күнделікті өмірі мен рухани-мәдени дамуына тигізген ықпалын зерттеуге арналған. Е.Н. Әуелбековтің қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі туралы әр жылдары естеліктер, публицистикалық еңбектер мен жекелеген зерттеу мақалалары жарық көргенімен, оның қарапайым халықпен қарым-қатынасы, өзі басқарған өңірлердегі әлеуметтік-тұрмыстық және рухани-мәдени мәселелерді шешудегі қызметі арнайы зерттеу нысаны ретінде толық қарастырылған жоқ. Осыған байланысты мақалада қайраткердің қызметі дәстүрлі саяси өмірбаян тұрғысынан ғана емес, қарапайым адамдардың күнделікті өміріне ықпалы жағынан қарастырылады. Зерттеудің деректік негізін Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің, Қостанай облысы мемлекеттік архивінің, Көкшетау қаласы мемлекеттік архивіндегі Е.Н. Әуелбековтің жеке қорының және Қазақстан Республикасы Президенті архивінің құжаттары құрайды. Сонымен бірге әр жылдары мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған материалдар, Е. Әуелбековпен бірге қызмет атқарған мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, партия-кеңес қызметкерлерінің, қарапайым еңбек адамдарының естеліктері пайдаланылды. Архив құжаттары мен естелік деректерді салыстыра қарастыру арқылы Е. Әуелбековтің басқарушылық қызметінің күнделікті өмірмен байланысты қырларын көрсетуге назар аударылды. Зерттеу барысында Е. Әуелбековтің Солтүстік Қазақстандағы қызметі кезінде қалыптасқан басқарушылық тәжірибесі, Көкшетау, Торғай және Қызылорда облыстарын басқарған жылдарындағы халықпен жұмыс істеу ерекшеліктері қарастырылды. Оның елді мекендер мен шаруашылықтарды тікелей аралап, еңбек адамдарының тұрмыс жағдайымен танысуға, мектеп, балабақша, клуб, дүкен, асхана, монша сияқты әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың жұмысын бақылауға ерекше мән бергені нақты деректер негізінде көрсетіледі. Көкшетау облысында мәдени-ағарту мекемелерінің ашылуы, ұлттық мәдениет пен өнерге көңіл бөлінуі, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту шаралары қарастырылады. Торғай облысындағы білім беру, ауыл тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына байланысты мәселелерге және Қызылорда облысында өндірісті механикаландыру, еңбек жағдайын жеңілдету мен әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жұмыстарға талдау жасалады. Қарастырылған архивтік және естелік материалдар Е. Әуелбековтің басқару тәжірибесінде шаруашылық мәселелері мен тұрғындардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі өзара байланысты қарастырылғанын көрсетеді. Оның халықпен тікелей қарым-қатынас орнатуға, жергілікті жердегі жағдайды өз көзімен көруге ұмтылған жұмыс тәсілі замандастарының естеліктерінде тұрақты түрде көрініс тапқан. Соның нәтижесінде Е. Әуелбеков туралы халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әлеуметтік және рухани мәселелеріне назар аударған аймақ басшысы ретіндегі бейне қалыптасты.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Ғ. Тулепбергенов, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан

    докторант

  • , Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан

     сеньор-лектор  

Әдебиеттер тізімі

"Azamat": E.N. Auelbekov zhaiyndaghy estelikter men angimeler zhinaghy. Shaltykov A. (comp.). Almaty: Zerde Publ. 2000. 175 p.

Abishev T. Zhuldyzdar aghyp otedi, sonbeidi. Bukpa. 2003. no. 27 (July 10), p. 7.

Ashimov O.B., Salykov K., Sagadiev K. Qazaqtyn asyl perzenti. Almaty. 2010. 352 p.

Zhumagaliev B. Bedeli biik tekti tulgha. Kokshetau. 2005. no. 26 (June 16).

Karimov R. Ereken erdin eri edi. Zhalagash zharshysy. 2020. June 27. P. 3.

Qazhybay F. Eldin Erkini edi. Azat. 2004. no. 14 (February 20). Pp. 3–4.

Qonaev D.A. Aqiqattan attaugha bolmaydy. Almaty: Sanat Publ. 1994. 512 p.

Makhambet K. Thus he stayed in our memory. Kyzyl-Ordinskie vesti. 1999. March 5. Pp. 2–3.

Ұzaқbaev B. Dara tulga: Estelіkter, esseler men әңgіmeler zhinagy. Kyzylorda: Poligrafiia. 2010. 240 b.

Tereshchuk V. Syn zemli. Omsk: GUIPP "Omskii dom pechati". 2000. 144 p.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-12-10

Журналдың саны

Бөлім

ОТАН ТАРИХЫ