Орыс, түркі халықтары және қазақ тарихнамасындағы әмір Едігенің тарихи тұлғасы
Ғылыми мақала
Кілт сөздер:
Әмір Темір, Алтын Орда , Ноғай Ордасы, Тоқтамыс, тарихнама, эпос, Эмир ЕдигеАңдатпа
Мақалада Алтын Орданың (Ұлық ұлыс) 1396–1419 жылдары билеушісі және Ноғай Ордасының басты биі (беклербегі) болған әмір Едіге туралы ресейлік–кеңестік, түркілік және қазақ тарихнамасында қалай қарастырылып баға берілгені баяндалады. Әмір Едіге басқарған ұлыстар Орыс мемлекетімен іргелес және тығыз қарым–қатынаста болғандықтан бұл қайраткер туралы олардың жазба деректерінде де мәліметтер молынан кездеседі. Орыс деректерінде Едіге туралы жырды қазақтардан Г.И. Спасский, ноғайлардан А. Ходьзко жазып алғаны айтылады. Б. Греков, А. Якубовский сияқты танымал Ресей тарихшылары Әмір Едігені жағымсыз қайраткер ретінде сипаттады. Өйткені Алтын Орда Орыс мемлекетін 240 жылдай бағыныштылықта ұстағандықтан және осы ұлыстың бір басшысы, әрі орыс жерлеріне алым–салық төлемегені үшін бірнеше рет шапқыншылық жасағаны үшін айыптап озбыр, қатал, мейрімсіз билеуші ретінде бейнеледі. Дегенмен, М. Сапарғалиев, В. Трепавлов, Р. Почекаев сияқты зерттеушілер әмір Едіге тұлғасына объективті баға берді. В. Трепавлов Алтын Ордадан бастау алатын Ноғай ұлысының негізін қалаушы Едіге екенін көрсетіп, оның лауазымы тарихи деректерде «түменбасы–темник», «әмір», «беклербек» атауларымен кездесетінін, бұл мемлекеттің XIV ғасырдың 90–жылдары Батыс Қазақстанда Жайық пен Ембі өзендері арасында орнығып, уақыт өте келе жер аумағын ұлғайтқанын жазады. Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, Б. Аяған, М. Алпысбес сияқты ғалымдар Едігенің Қаратау бөктеріндегі Құмкент қалашығында дүниеге келгендігі туралы және бір кездері ноғайлардың Қырғызстанға дейін қоныс аударып жүргенін қолдайды. Едіге тұлғасын айқындауда халық жадында сақталған тарихи жырлар маңызды орын алады. XIX ғасырда түркі жұртына ортақ жырдың тарихи негіздерін ғылыми тұрғыдан саралауға алғаш қадам жасаған автордың бірі Ш. Уәлиханов: «Джир Идыге по событиям относится к концу XIV века, должно быть составлен в начале XV века. Это доказывается многими старинными словамии и оборотами, которых теперь нет в языке» – деп көрсеткен. «Едіге» эпосын қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, өзбек, түрікмен сияқты түркі халықтары XIV–XV ғасырлардан бастап жадында сақтап 1944 жылға дейін дәріптеп келді. Бірақ Кеңес Одағында 1944 жылдан бастап Едіге мен оның ұрпақтарына байланысты жырлар өткен заманды дәріптеушілік, моңғол–татар басқыншылығын ақтау бар деген айыппен жариялауға тыйым салынды. КСРО құлап көптеген түркі халықтары тәуелсіздік алған соң «Едіге» жырын жариялау, зерттеу қайта қолға алынды. Эпосты зерттеушілердің дерегіне қарағанда бүгінгі таңда «Едіге» эпосының 50–ге тарта нұсқасы бар. Бірақ зерттеушілердің пікірінше түркі халықтарында сақталған жырдың нұсқаларында Едігенің жеке басына байланысты деректер мен пікірлерде қарама–қайшылықтар мол екені байқалады. Едіге саналы өмірінің көп бөлігін Алтын Орда мен Ноғай ордасы билігіне қол жеткізу үшін және сол мемлекеттерді нығайту жолында күреспен өткізіп қаза тапқан тұлға. Ойымызды жүйелей келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталдық: Біріншіден, Едіге тұлғасы көптеген түркі халықтарының тарихи жадында сақталып, 1,5 мың жылдан астам уақыт өтсе де түркі халықтарының тұтастығын сақтау жолында атқарған істері ұмытылмай, қайта жаңғырып, тұтас түркі жұртының орта ғасырлардағы Еуразиядағы ең қуатты империяның билеушісі ретінде тарихта орын алды. Екіншіден, Әмір Едігенің өмір жолы, мемлекет басқару өнері оның талантты, айлакер, батыл саясаткер, қолбасшы, дипломат болғанын байқатады. Үшіншіден, Едіге әмір ноғай–қыпшақ ұлыстары мемлекетінің басшысы ретінде солардың мүддесін қорғап қызмет жасағандықтан қазақ халқының тарихи жадында «Ел қамын жеген ер Едіге» деген атпен есімі сақталып, қазіргі күні жаңаша ұлықталуда. Төртіншіден, қазақ халқын, мемлекетін құраушылардың бірі қыпшақ ру–тайпалары болғандығы және олардың ноғай халқымен ғасырлар бойы шығу тегі бір және тілі, діні, ділі, салт–дәстүрі, мәдениеті, шаруашылық жүргізу әдіс–тәсілдері ұқсас болғандығы тарих ғылымында мойындалған ақиқат. Әмір Едіге сол ноғай ұлтының төл өкілі және қазақ пен ноғайға ортақ тарихи тұлға, Алтын Орда мемлекетін сақтап нығайту жолына өмірін арнаған мемлекет басшыларының бірі ретінде қазақ тарихында өзіндік орны бар қайраткер ретінде орнықтыру әділдік болар деп білеміз.
##plugins.themes.default.displayStats.downloads##
Әдебиеттер тізімі
Alpysbes M., Aleushinov F. Edıge bidıñ Ūlyq Ūlys (Altyn Orda) tarihyndağy orny. «Edu.e–history.kz» elektrondyk gylymi zhurnaly. 2023. Vol.10, no.3, pp.464–478. DOI:51943/2710–3994_10_3_464–478. (in Kazakh)
Altyn Ordanyñ qūryluynan qūlauyna deiın. Maqalalar. Qadımşe arab ärpımen tatar tılınde şyqqan «Şora» jurnalynan audaryp, qūrastyrğan Nūrqasym Qazybek. Almaty: Rauan. 1998. 128 р. (in Kazakh)
Asanuly Zh. «Edıge» eposy: epikalyq şyndyq pen tarihi şyndyq. The newspaper "Aktobe". 2013. 7 nauryz. (in Kazakh)
Ayagan B. Ūlyq Ūlys – Altyn Orda memleketı tarihy. Därıster jinağy. Almaty: ZHSHS «Litera–M». 2020. 216 р. (in Kazakh)
Abuev K. Jeke tūlğa: köşbasşy fenomenı. Täuelsız Qazaqstan memlekettıgı: qalyptasuy men damu kökjiegı. QR Täuelsızdıgınıñ 20 jyldyğyna arnalğan Qazaqstan tarihşylary 1 Kongresı materialdarynyñ jinağy. 2011 jyl 16 qyrküiekAstana. 2011. 301 р. (in Kazakh)
Babalar sözı. Jüz tomdyq. 39–tom. Batyrlar jyry. Astana: «Foliant». 2006. 448 р. (in Kazakh)
Valikhanov Ch. Sobranie sochinenii. V 5–ti tomakh. Tom 5. Alma-Ata: The main editorial office of the Kazakh Soviet encyclopedia. 1985. (in Russian)
Valikhanov Ch. Tañdamaly. 2–bas. Almaty: Writer. 1985. 560 р. (in Kazakh)
Giniyatullina R. Nasledie tatar Zolotoj Ordy: nauchnye meropriyatiya. Zolotoordinskoe obozrenie. 2023, No.11(3), рр.714-718. DOI: 10.22378/2313–6197. 2023–11–3. (in Russian)
Grekov B., YAkubovskij A. Zolotaya Orda i ee padenie. Moscow–Leningrad: Publishing House of the USSR Academy of Sciences. 1950. 475 р. (in Russian)
Grinin L. Lichnost' v istorii: sovremennye podhody. Istoriya i sovremennost'. 2011. No.1, рр.3-40. (in Russian)
Isanbet N. 100th anniversary of the Tatar folk epic «Idegey». Sovet edebiyaty = Soviet literature. 1940. No.11, pp.39-92; No.12, pp.34-98. (In Tatar)
Kadyrgali ZHalajyr. Şejıreler jinağy. Jalpy redaksiasyn basqarğan M. Magauin. Almaty: Kazakstan. 1997. 128 р. (in Kazakh)
Qazaq Sovet Ensiklopediasy. 4–tom. 4–tom. Almaty: General editorial office of the Kazakh Soviet Encyclopedia. 1974. 670 р. (in Kazakh)
Qazaqstan tarihy (köne zamannan bügınge deiın). Bes tomdyq. 2–tom. 2–tom. Almaty: «Atamura», 2010. 640 р. (in Kazakh)
Kozhabekovich Bayuzak Albani. Tarihi tanym: ejelgı halyqtar, taipalar, rular, jer jūtqan qalalar. Almaty: Atatek, 1994. 400 р. (in Kazakh)
Kozybaev M. Ğūmyrnama janryn zertteu mäselelerı. Қазақ тарихы. 1997. No.4, рр.37–43. (in Kazakh)
Kozybaev M. Şyğarmalar. 3–tom. Almaty: "Kazakh encyclopedia". 2013. 328 р. (in Kazakh)
Madeni-filosofiyalyk enciklopediyalyk sozdіk. Qūrast. T. Ğabitov, A. Qūlsarieva jäne t.b. Almaty: Raritet. 320 р. (in Kazakh)
Magauin М. Qazaq tarihynyñ älıppesı. Derektı tolğam. Almaty: «Kazakstan». 1995. 208 р. (in Kazakh)
Sabitov Zh. Geneology of the Jochids in the 13th-18th centuries. Astana. 2008. 220 р. (in Russian)

Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Ж. Қалиев, С. Дүйсен

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.