Ұлы Отан соғысы туралы тарихи жадының қазіргі Қазақстандағы саяси бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі
Ғылыми мақала
DOI:
https://doi.org/10.65076/Кілт сөздер:
жады саясаты, Тарихи жады, Қазақстан, қоғамдық топтасу, ұжымдық жады, Ұлы Отан соғысыАңдатпа
Халықаралық тұрақсыздықтың күшеюі саяси бірегейлікті қалыптастыру мен жаң-ғырту үдерісіндегі тарихи жадтың маңызын арттырып отыр. Қоғамды топтастыру әлеуеті жоғары Екінші дүниежүзілік соғыс туралы тарихи жады қазіргі жады саясатының тәжірибесінде айрықша орын алады. Мақаланың мақсаты – Ұлы Отан соғысы туралы тарихи жадтың рөлін ескере отырып, қазіргі Қазақстандағы саяси бірегейлікті жаңғырту тетіктерін айқындау. Осы мақсатқа жету үшін ұжымдық жадтың құрылымы мен оны сақтау, жеткізу және өзектендіру арналарының ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу міндеттерін жүзеге асырудың негізгі тәсілдерінің бірі – Еуропалық Одақ елдеріндегі, Ресейдегі, Беларусьтегі және Қазақстандағы жады саясаты модельдерін салыстырмалы талдау. Зерттеудің маңызы тарихи жадтың саяси бірегейлікті қалыптастыру мен жаңғырту тетігі ретіндегі рөлі жөніндегі теориялық түсініктерді кеңейтумен байланысты. Практикалық маңызы зерттеу нәтижелерін мемлекеттік жады саясатын, білім беру бағдарламаларын және мемориалдық тәжірибелерді жетілдіру барысында қолдану мүмкіндігімен айқындалады. Зерттеу әдіснамасы аралас әдістер стратегиясына негізделген. Зерттеу барысында 606 респонденттің қатысуымен жүргізілген әлеуметтанулық сауалнама нәтижелеріне сандық және сапалық талдау жасалып, ашық сұрақтарға берілген жауаптар тақырыптық кодтау әдісі арқылы сараланды. Алынған нәтижелер ұжымдық жад пен саяси бірегейліктің қазіргі теориялық тұжырымдамалары негізінде интерпретацияланды. Зерттеу нәтижелері қазақстандық жастардың ұжымдық жадында қаһармандық, ортақ еңбек және Жеңіске қосылған ортақ үлес туралы нарративтердің басым екенін көрсетті. Бұл нарративтер саяси қауымдастықтың ортақ символдық кеңістігін қалыптастыруға ықпал етеді. Тарихи жадты сақтау мен өзектендірудің негізгі арналары ретінде білім беру жүйесі, музейлер, мемориалдық тәжірибелер және бұқаралық ақпарат құралдары айқындалды. Сонымен қатар күнделікті қарым-қатынас тілі мен саяси бірегейлік арасында статистикалық тұрғыдан мәнді байланыстың анықталмауы ерекше назар аудартады. Бұл нәтиже қазіргі Қазақстан жағдайында этностық және тілдік айырмашылықтардан жоғары тұратын инклюзивті саяси бірегейлік моделінің қалыптасу үдерісі жүріп жатқанын көрсетеді. Зерттеу нәтижесінде саяси бірегейлікті жаңғыртудың институционалдық, символдық, когнитивтік және интегративтік деңгейлерін қамтитын көпдеңгейлі модель ұсынылды. Алынған нәтижелерді қоғамдық топтасуды, азаматтық бірегейлікті және ортақ тарихи құндылықтарды нығайтуға бағытталған білім беру, мемориалдық және мемлекеттік саясатты жетілдіру барысында пайдалануға болады.
##plugins.themes.default.displayStats.downloads##
Әдебиеттер тізімі
Anderson B. Imagined Communities: Reflections on the Origin and Spread of Nationalism. London: Verso. 1983.
Assmann J. Cultural Memory and Early Civilization: Writing, Remembrance, and Political Imagination. Cambridge: Cambridge University Press. 2011. 319 p.
Gellner E. Nations and Nationalism. Oxford: Blackwell. 1983.
European Parliament. «Never Again»: EP Commemorates International Holocaust Remembrance Day. URL: https://www.europarl.europa.eu/news/en/press-room/20220120IPR21417/never-again-ep-commemorates-international-holocaust-remembrance-day (қаралған күні: 11.06.2026).
Nora P. Between Memory and History: Les Lieux de Mémoire. Representations. 1989. No.26, рp.7–24.
Sierp A. The Politics of Memory: Between History, Identity and Conflict. Government and Opposition. 2025. Vol. 60, no 4, pp. 1464-1483.
Schulz J. «Vergangenheitsbewältigung» Revisited: Distinguishing Two Paradigms of Working Through the Past. Philosophy & Social Criticism. 2024. Vol.50, no.2, pp.391-415.
Stenlund K. Memory Is but the Slave to Purpose? On the Selective Uses of Holocaust Memory in European Law Making. Law and Critique. 2025. Vol.36, no.2, pp.275-294.
Kabaziev M.Sh. Politicheskaia identichnost v Kazakhstane: trendy i vyzovy. Astana: IP Bulatov A.Zh. 2025. 143 p.
KonsultantPlius: spravochno-pravovaia sistema. Constitution of the Russian Federation. Available at: https://www.consultant.ru/document/cons_doc_LAW_28399/ (accessed 11 June 2026).
Kuzina O.A., Vetsper N.N., Rodchenkova E.S., Pominova A.M. Assotsiativnyi eksperiment: metodicheskie podkhody i prakticheskie aspekty Upravlenie obrazovaniem: teoriia i praktika. 2025; Vol.15, no.1-1., pp.127-139. .
Nikitina Yu.S., Akatkin M.Iu. Istoricheskaia pamiat' o Velikoi Otechestvennoi voine. Nauka v zhizni cheloveka. 2026. No.1, рр.80-86
Natsionalnyi pravovoi Internet-portal Respubliki Belarus'. O genotside belorusskogo naroda. Law of theRepublic of Belarus. 5 January 2022. No 146-Z. Available at: https://etalonline.by/document/?regnum=H12200146 (accessed 11 June 2026)
Plotnikov D.S. Politika pamiati o Velikoi Otechestvennoi voine kak element vneshnepoliticheskoi identichnosti (na primere Kazakhstana i Kyrgyzstana). Vestnik Permskogo universiteta. Seriia: Politologiia. 2025. No.2, рр.5-14.
Shaikemelev M.S. Kazakhskaia identichnost v kontekste modernizatsii obshchestva. Almaty: Institut filosofii, politologii i religiovedeniia KN MON RK; 2020. 232 p.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Ж. Смаханова, Т. Мармонтова

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.

