Кеңестік модернизация жағдайында трайбализмнің саяси бейімделу модусы

Ғылыми мақала

Авторлар

  • А. Жанбосинова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0003-4541-4154

DOI:

https://doi.org/10.65076/

Кілт сөздер:

трайбализм, қазақ ауылы, рулық қатынастар, бейімделу тәжірибелері, ру басы, рулық бедел иелері

Аңдатпа

Мақалада 1920‑жылдардың соңы мен 1930‑жылдардағы кеңестік модернизация жағдайында қазақ қоғамындағы трайбализмнің саяси бейімделу модусы ретінде көрініс табуы талданады. Ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отырған мұрағаттық деректердің кең ауқымына сүйене отырып, автор дәстүрлі ру‑тайпалық құрылымдардың трансформациясын, кеңестік зорлықшыл саясатқа берген реакцияларын және жаңа саяси жүйеге бейімделу тетіктерін қарастырады. Кеңестік социалистік жобаның қазақтың жуздық‑рулық жүйесімен қақтығысы терең әлеуметтік дағдарыс туғызып, бұрынғы өзін‑өзі ұйымдастыру формаларының күйреуіне және ашық әрі жасырын қарсылықтың әртүрлі түрлерінің пайда болуына алып келгені көрсетіледі. Зерттеуде 1928 жылғы байларды тәркілеу науқанына ерекше назар аударылады, ол дәстүрлі элиталарға жасалған алғашқы соққы болды. Одан кейінгі қуғын‑сүргін толқындары ру басыларының әлеуметтік негізін одан әрі әлсіретті. Мұрағат материалдары трайбализмнің кеңестік қысымға қарамастан жойылмағанын, керісінше жаңа жағдайға бейімделіп, ауылдық кеңестерге, колхоздар мен кооперативтерге еніп, ықпалдың балама арналары мен бұрынғы әлеуметтік иерархия элементтерін қайта өндіруге мүмкіндік бергенін дәлелдейді. Автор кеңестендіру үдерісі дәстүрлі институттарды жоюмен қатар, олардың жаңа саяси формада қайта қалыптасуына да жағдай жасағанын атап өтеді. Мақала кеңестік модернизацияның ауқымдылығы мен қатаңдығына қарамастан, ру‑иерархиялық құрылымдардың толық жойылмай, 1930‑жылдардағы қазақ қоғамының әлеуметтік‑саяси динамикасын айқындауды жалғастырғанын тұжырымдайды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяны

  • А. Жанбосинова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

    тарих ғылымдарының докторы, профессоры 

Әдебиеттер тізімі

Cameron S. The Hungry Steppe Famine, Violence, and the Making of Soviet Kazakhstan. Cornell University Press. 2018.

Hellbeck J. Revolution on My Mind. Writing a Diary under Stalin. Сambridge МА: Harvard University Press, 2006. 448 p.

Kuromiya H. How Do We Know What the People Thought under Stalin? Soviet power - people's power? Essays on the history of popular perception of Soviet power in the USSR. Ed. T. Vihavainen. St. Petersburg. 2003

Payne M.J. Seeing like a Soviet State: Settlement of Nomadic Kazakhs, 1928–1934. In: Alexopoulos G., Hessler J., Tomoff K. (eds) Writing the Stalin Era. Palgrave Macmillan, New York. 2011. https://doi.org/10.1057/9780230116429_5

Pianciola N. ‘Famine in the steppe”, Cahiers du monde russe. 2004. Vol. 45/1-2. Online since 01 January, connection on 11 March 2022. URL: http://journals.openedition.org/monderusse/8681;DOI: https://doi.org/10.4000/monderusse.8681

Ohayon I. The Kazakh Famine: The Beginnings of Sedentarization. Mass Violence & Résistance 2013. [online], published on: 28 September. accessed 17/05/2021, http://bo-k2s.sciences-po.fr/mass-violence-war-massacre-

Из истории депортаций 1930-1935., 2012. Сборник документов. Алматы: Lem. 772 с.

История Казахстана. Т.4. Алматы: Атамура.

Киндлер Р. Сталинские кочевники: Власть и голод в Казахстане». Пер. с нем. Л. Пантиной. Москва: Политическая энциклопедия. 2017.

Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. Алматы: Социнвест - Москва: Горизонт. 1995.

Советская деревня глазами ВЧК‒ОГПУ‒НКВД. 1918‒1939., 2003. Документы и материалы. В 4‒х т. Т. 3. 1930‒1934 гг. Кн. 1. 1930‒1931 гг. / Ин‒т рос. истории РАН, Дом наук о человеке (Франция), Центр. архив ФСБ РФ, Ин‒т истории новейшего времени (Франция), Центр по изучению России (Франция), Рос. гос. архив экономики, Ин‒т по эконом. истории (Швеция), под ред. А. Береловича, В. Данилова. Москва:РОССПЭН. 864 с.

Юрчак A. Это было навсегда, пока не кончилось. Последнее советское поколение. Mосква: НЛО. 2017.

Фицпатрик С. Сорвите маски! Идентичность и самозванство в России в XX веке. Москва: РОССПЭН. 2011.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ОТАН ТАРИХЫ