1950-жылдардағы Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игерудегі ҚХР-дан келген кеңес азаматтарының рөлі

Ғылыми мақала

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.65076/

Кілт сөздер:

Қазақстан тарихы, тың игеру, репатрианттар, Қытай Халық Республикасынан келген азаматтар, архив

Аңдатпа

Мақала авторы архивтік материалдар негізінде 1950-жылдары Қытай Халық Республикасынан Қазақстанның тың және тыңайған жерлеріне кеңес азаматтарының репатриациялану үдерісін қарастырады. Зерттеуде қоныс аударушыларды еңбекке орналастыру, тұрғын үймен және тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ ҚХР-дан келген азаматтардың өмірін ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Коммунистік партиясы облыстық комитеті хатшылығының қаулысын іске асырудағы аудандық билік органдарының қызметі талданады. Тұрақты тұру үшін келген репатрианттардың бір бөлігі жергілікті билік тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, кейін ауыл шаруашылығы мен құрылыс жұмыстарына белсене араласты. Сонымен қатар автор ҚХР-дан келген кеңес азаматтарын материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуде елеулі қиындықтардың болғанын атап өтеді. Туындаған мәселелерді шешу мақсатында КОКП Орталық Комитетінің Одақтас республикалар жөніндегі ауыл шаруашылығы бөлімі Қазақ КСР-іне жауапты партия және мемлекеттік қызметкерлерді жіберді. Олар облыстық және аудандық билік органдарымен бірлесіп репатрианттар қоныстанған аудандарды аралап, соның нәтижесінде қоныс аударушылардың нақты материалдық-тұрмыстық жағдайын көрсететін есептер мен баяндамалар әзірледі. Тексеру жүргізген органдар ұсынған мәселелерді шешу жөніндегі ұсынымдар ауқымдылығымен ерекшеленгенімен, олардың көпшілігін іс жүзінде жүзеге асыру қиын болды. Соның нәтижесінде автор объективті және субъективті себептерге байланысты ҚХР-дан келген репатрианттарды еңбекке орналастыру және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері толық көлемде шешілмеген деген қорытындыға келеді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяны

  • Ж. Мажитова, Астана медицина университеті, Астана, Қазақстан

    тарих ғылымдарының докторы, профессор

Әдебиеттер тізімі

Аблажей Н.Н. Репатрианты из КНР в районах освоения целинных и залежных землях (1954–1962 гг.). Гуманитарные науки в Сибири. 2008. № 2, с. 104–106.

Аблажей Н.Н. Казахский миграционный маятник «Казахстан-Синцзян». Эмиграция. Репатриация. Интеграция. Караганды: Болашак Баспа. 2014. 273 с.

Алпыспаева Г.А., Саяхимова Ш.Н. Хозяйственно-бытовое и трудовое устройство граждан-репатриантов из КНР в Казахстан в годы целины. В: Материалы VI международной научно-практической конференции «Россия и Китай: история и перспективы сотрудничества». Благовещенск: Благовещенский государственный педагогический университет. 2016. С. 117–123.

Атантаева Б. Ж. Казахстанско-китайские межгосударственные миграции в середине XIX-начале XXI вв: специальность 07.00.03 “Всеобщая история (соответствующего периода)”: автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора исторических наук. Алматы. 2008. 50 с.

Игнатьева Л. Н. Роль миграции в формировании населения Казахстана: 1926–1959 гг.: автореферат дис. ... канд. истор. наук. Барнаул. 2006. 24 с.

Кузнецова О.В. Архивные документы на реэмигрантов из Китая как исторический источник. B: Археография Южного Урала: материалы III Международной конференции. Уфа: Информреклама. 2003. С. 54–57.

Мажитова Ж.С., Жалмурзина А.Ж. Участие комсомола и молодёжи Татарской АССР в освоении целины в 1950-е годы (По материалам архива города Нур-Султан). Вестник КазНПУ. Серия «Исторические и социально-политические науки». Алматы, 2020. № 4(67). С. 66–70.

Мендыкулова Г.М., Атантаева Б.Ж. История миграций между Казахстаном и Китаем в 1860–1960-е гг. Алматы: Изд-во «Са-Ға», 2008. 232 с.

Литвинцев Г.М. Нас ещё долго звали китайцами… Сайт Координационного совета соотечественников в Китае. [Электронный ресурс]. URL: http://www.old.russianchina.org/articles/2011/03/25/3335

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ОТАН ТАРИХЫ