Тоқтамыш хан дәуіріндегі Алтын ордадағы білім және ғылым (1380–1395 жж.)
Ғылыми мақала
DOI:
https://doi.org/10.65076/Кілт сөздер:
Тоқтамыш хан, Алтын Орда, білім беру, медресе, сопылық, Йасавийа, КубравийаАңдатпа
Бұл мақалада Тоқтамыш хан билігі кезеңіндегі Алтын Орда мемлекетінде білім беру, ғылым және діни-интеллектуалдық өмірдің даму ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. XIV ғасырдың екінші жартысы Алтын Орда үшін саяси дағдарыстар мен ішкі қақтығыстарға толы болғанына қарамастан, Тоқтамыш хан билікке келгеннен кейін «Ұлы дүрбелең» кезеңінен кейінгі бытыраңқылықты жойып, мемлекеттік құрылымды қайта қалпына келтіруге қол жеткізді. Осы саяси тұрақтану білім беру институттарының – медреселер, ханака мен завиялардың жұмысын жаңғыртуға, ислами құқықтық ілім – фиқһтың таралуына және ислам әлемімен ғылыми-рухани байланыстардың кеңеюіне мүмкіндік жасады. Мақалада Алтын Ордадағы улама өкілдерінің қоғамдағы орны мен олардың діни-праволық білімді қалыптастырудағы қызметі талданады. Сонымен қатар Йасавийа мен Кубравийа тариқаттарының ағартушылық және рухани-тәрбиелік рөлі зерделенеді. Бұл тариқаттар исламның түркі-монғол кеңістігіне бейімделуіне, көшпелі халықтың дүниетанымына ықпал ете отырып, діни білім беру жүйесін орнықтыруда маңызды факторға айналды. Автор исламдық идеологияның мемлекеттік басқару мен құқық жүйесіне ену үдерісін, әсіресе хан жарлықтарындағы исламдық формулалардың орнығуын, шариғат нормаларының әкімшілік тәжірибеге ықпалын нақты деректер арқылы көрсетеді. Сондай-ақ Тоқтамыш дәуіріндегі интеллектуалдық атмосфераның түркітілдес әдеби мұраларда, әсіресе «Идигей» эпосында көрініс табу ерекшеліктері талданады. Эпикалық дәстүрдің саяси идеологияны сақтау, тарихи жадты қалыптастыру және билік легитимациясын нығайтудағы рөлі ашылады. Мақала Тоқтамыш хан тұсындағы мәдени-рухани жаңғырудың Алтын Ордадағы исламдық білім жүйесінің орнығуына, ғылыми дәстүрдің нығаюына және Еуразия кеңістігіндегі интеллектуалдық сабақтастыққа қосқан үлесін айқындайды.
##plugins.themes.default.displayStats.downloads##
Әдебиеттер тізімі
Abylov T., Zholdasuly T. Rol’ tarikatorv Yasaviyya i Kubraviya v islamizatsii Zolotoi Ordy. Türk Kültürü ve Hacı Bektaş Velî Araştırma Dergisi. 2023. Nо.105, pp.301–312.
Borodovskaya L. Rasshirenie sfery vliyaniya sufizma v period Zolotoi Ordy. Islamovedenie. 2017, Vol.8, no.3, pp.82–94.
Minnegulov Kh. Eshche raz o literature Zolotoi Ordy. In: Istoriya tatar s drevneishikh vremyon. Vol. 3: Zolotaya Orda i ee nasledie. Kazan: Institut istorii im. Sh. Marjani AN RT. 2011. Рp.304–308.
Mirgaleev I. Svedeniya al-Hajj Abd al-Ghaffara Kyrimi ob islamizatsii v Zolotoi Orde. In: Islam i vlast’ v Zolotoi Orde. Kazan: Institut istorii im. Sh. Marjani AN RT. 2012. Рp.6–17.
Pochekaev R. K istorii yuridicheskoi nauki v Zolotoi Orde. Zolotoordynskoe obozrenie. 2020. Vol.8, no.4, pp.737–752.
Pochekaev R. Shikhab ad-Din Marjani o prave Zolotoi Ordy. Tyurkologicheskie issledovaniya, 2019. Vol.2, no.4, pp.54–62.
Samoilovich A. Variant skazaniya o Edigee i Tokhtamysh, zapisannyi N. Khakimovym. In: Tyurkologicheskii sbornik 1972. Moscow: Nauka. 1973. Рp.186–211.
Saifetdinova E. Sufiiskie traditsii v dukhovnoi kulture Zolotoi Ordy. Zolotoordynskoe obozrenie. 2014. No.1(3), pp. 75–78.
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Д. Сулейменова

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.