«Қазақ» және «Қырғыз» этнонимдері туралы пікірталас: «Идел» газетінің беттеріндегі дореволюциялық пікір алмасу

Ғылыми мақала

Авторлар

  • А. Максутов Әлеуметтік ғылымдар институты, Стамбул университеті, Түркия, Стамбул Автор

DOI:

https://doi.org/10.65076/

Кілт сөздер:

Қырғыз, Қазақ, Этноним, Пікірталас, Газет, Астрахан губерниясы, «Идель» газеті, Бөкей ордасы

Аңдатпа

Бұл мақалада 1907-1914 жылдары араб жазуымен шыққан «Идел» мұсылман газетінен бірқатар материалдардың аудармасы беріліп, ғылыми айналымға енгізілді. 1911 жылдың соңы мен 1912 жылдың басында жарияланған жазулар қарастырылды. Бұл материалдар Ақмола облысынан шыққан қазақ мұғаллимы Хасан Әли ефенді мен Астрахан губерниясы құрамында болған Ішкі Бөкей ордасындағы қазақтар арасында тұрған, мішәр текті татар журналисі Қайюм Құлаткиниң арасындағы пікірталас болып табылады. Пікірталастың тақырыбы – Кіші жүздегі Бөкей қазақтарына «қазақ» және «қырғыз» этнонимдерін қолданудың қажеттілігі немесе қажетсіздігі туралы. Пікірталас барысында қарсы пікірді жоққа шығару және өз көзқарасын дәлелдеу мақсатында әртүрлі дәлелдер мен пікірлер айтылады. Жұмыстың қорытынды бөлімінде автор қарастырылған материалдардан пайдалы этнографиялық деректерді, атап айтқанда, қазақ халқының Кіші және Орта жүздерінің кейбір руларының шығу тегі мен тарихи тамыры, сондай-ақ орыс және түркі-мұсылман, әсіресе қазақ саясаткерлері, шарқтанушылары және қоғам қайраткерлерінің «қазақ» пен «қырғыз» этнонимдерін қолдануының эволюциясы туралы қорытындылар жасайды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяны

  • А. Максутов, Әлеуметтік ғылымдар институты, Стамбул университеті, Түркия, Стамбул

    магистрант

Әдебиеттер тізімі

Makhsutov A. K. Analysis of the publication in the newspaper "Idel". I Umerov readings: The relevance of A. I. Umerov's impressions in the modern world. Astrakhan: representation of DUMACHR in the regions of the Lower Volga region. Makhachkala: ALEF, 2021— pp. 37-41.

Newspaper "Idel", No. 401 for January 11, 1911

Newspaper "Idel", No. 375 for August 5, 1911

Newspaper "Idel", No. 422 for January 27, 1912

Newspaper "Idel", No. 377 for August 12, 1911

Newspaper "Idel", No. 405 for November 29, 1911

Newspaper "Idel", No. 409 for 13 December 1911

Newspaper "Idel", No. 422 for January 27, 1912

Newspaper "Idel", No. 443 for April 10, 1912

Newspaper "Idel", No. 452 for 11 May 1912

Newspaper "Idel", No. 454 for 18 May 1912

S. Saifullin. "Let's say Kazakh – Kazakh, let's correct the mistake." Newspaper "Enbekshi Kazakh", 9.12.1923

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ