Автордың өзін-өзі мұрағаттауы
Журнал Platinum Open Access саясатын ұстанады, соның ішінде авторларға жариялануға қабылданған мақалаларын өздерінің жеке веб-сайттарында немесе басқа репозиторийлерде (Research Gate немесе өздерінің ғылыми ұйымдарының репозиторийлерінің сайттарында) жарияланғанға дейін, жарияланғаннан кейін де библиографиялық сипаттамада осы журналдағы мақаланың қорытынды нұсқасын жариялауға сілтемесін көрсете отырып, орналастыруға рұқсат береді және ұсынады. Журнал «еркін өзін-өзі мұрағаттау» саясатын ұстанады.
Терминдер мен анықтамалар
Біз келесі терминдер мен ұғымдарды қолданамыз:
‒ Препринт: қолжазбаның алғашқы нұсқасы (жоба) журнал редакциясына қарауға жіберілгенге дейін.
‒ Рецензия нұсқасы: редакция қарауға қабылдаған және сараптама үшін рецензенттерге жіберілген (рецензиялауда жатқан) қолжазбаның нұсқасы.
‒ Мақаланың жариялауға қабылданған нұсқасы: редакция алқасының және журналдың бас редакторының шешімімен жариялауға қабылданған қолжазба нұсқасы. Құжаттың бұл нұсқасы рецензияланғаннан кейін барлық авторлық түзетулермен, бірақ одан әрі әдеби және ғылыми редакциялауға және пішімдеуге, баспада орналасуға және түзетуге жатады.
‒ Соңғы нұсқасы: шығарылымның құрамында ресми түрде жарияланған мақаланың нұсқасы. Online First режимінде жарияланған мақалалар соңғы нұсқалар болып табылмайды ‒ Online First мақалалардың жариялауға қабылданған нұсқаларын жариялайды. Мақаланың соңғы нұсқасында жарияланғаннан кейінгі түзетулер болуы мүмкін.
‒ Жеке парақша: Сіз және Сіздің зерттеулеріңіз туралы ақпаратты қамтитын және коммерциялық емес интернет-платформаларда (мысалы, университеттің немесе зерттеу ұйымының сайтындағы парақша) орналастырылған сіз жасаған парақша. Коммерциялық алаңдардағы (ResearchGate, Academia.edu, Facebook, LinkedIn, Контакт және басқа да әлеуметтік желілер) пайдаланушы профильдері бар парақшалар жеке парақшалар болып табылмайды.
‒ Ұйымның репозиторийі: ұйымның ғылыми үлесінің көрінісін және осы ұйымның зерттеу нәтижелерін қарастырушыларға қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін білім беру немесе ғылыми ұйымдар мен олардың бөлімшелері коммерциялық емес мақсатта орналастыратын парақшалар жиынтығы.
‒ Тақырыптық репозиторий: белгілі бір тақырып немесе тақырыптар спектрі бойынша осы ұйымның зерттеу нәтижелеріне қол жеткізу үшін білім беру немесе ғылыми ұйымдар мен олардың бөлімшелері коммерциялық емес мақсатта орналастыратын парақшалар парақшалар жиынтығы.
‒ Коммерциялық және коммерциялық емес: Коммерциялық деп қаржылық пайда алуға тікелей немесе жанама бағытталған кез-келген әрекет түсініледі. Іс-әрекеттерді немесе ниеттерді коммерциялық немесе коммерциялық емес деп жіктеу туралы шешім қабылдағанда, біз ұйымның мәртебесіне қарағанда, іс-әрекеттін мәніне бағдар жасаймыз.
Авторлар қашан және нені өзін-өзі мұрағаттауға болады
|
Жеке бет |
Ұйымның репозиторийі |
Коммерциялық емес тақырыптық репозиторий (сонын ішінде, PubMed Central) |
Коммерциялық репозиторий немесе әлеуметтік желі (мысалы, ResearchGate, Academia.edu, SSRN) |
Препринт, Рецензия нұсқасы |
Кез келген уақытта |
|||
Мақаланың жариялауға қабылданған нұсқасы |
Редакциядан мақаланы жариялауға қабылдау туралы ресми хабарламадан кейін |
|||
Соңғы нұсқасы |
Журналдың сайтында шығарылым құрамында мақала жарияланғаннан кейін |
Plan S бағдарламаға сәйкестік
Біздің өзін-өзі мұрағаттау саясатымыз (Platinum Open Access) Plan S барлық ережелеріне сәйкес келеді және мақаланы жариялауға арналған авторлық келісім-шарттың ережелері грант алушылармен және мақала авторларымен OAlition S демеушілері мен қаржыландыру агенттіктерінің келісім-шарттарымен толық сәйкес келеді.
Creative Commons және басқа да лицензиялар
Препринттер және қолжазбалардың рецензиялауға берілген нұсқаларын авторлар өз таңдауы бойынша кез келген лицензия шарттарында жариялай (өзін-өзі мұрағаттай) алады. Біз Creative Commons CC-BY немесе Creative Commons тобының кез келген басқа лицензиясын ұсынамыз.
Мақалалардың жариялауға қабылданған нұсқаларын ашық Creative Commons CC-BY-NC-ND лицензиясы шартымен немесе оның баламасы бойынша, бірақ одан еркін нұсқасы емес жариялауға болады. Біз мақалалардың жариялануға қабылданған нұсқаларын, мысалы Creative Commons CC-BY лицензиясы сияқты еркін шарттарда жариялауға рұқсат бермейміз.
Үшінші тұлғалардың материалдары
Онлайн (өзін-өзі мұрағаттау) жарияланғанға дейін авторлар мақаланың барлық компоненттерін жариялауға барлық қажетті құқықтар мен рұқсаттардың бар екеніне көз жеткізуі керек. Creative Commons лицензиясы шарттарында мақаланы жариялау (өзін-өзі мұрағаттау) кезінде автордың жарияланатын мақалада тиісті лицензиямен және барлық кірме элементтерімен орналастыру құқығы болуы керек. Жарияланатын мақаланың кірме элементтерінің құқық иеленушілері барлық жағдайларда, сондай-ақ мақаланың осы элементтерін құқық иеленушілердің жеке рұқсатынсыз пайдалану мүмкін еместігі туралы ақпарат анық көрсетілуі тиіс.
Жабық репозиторийлер және эмбарго кезеңі
Мақалалар журналдың сайтында ресми жарияланғанға дейін, кейін де жабық репозиторийлерде орналастырылуы мүмкін. Жабық деп тек репозиторий сайтының әкімшілері мазмұнға қол жеткізе алатын репозиторий түсіндіріледі.
Мақалалардың сипаттамаларын (атауы, аңдатпалар, авторлар туралы ақпарат және сілтемелер) журналдың сайтында шығарылым құрамында мақала жарияланғанға дейін, жарияланғаннан кейін де қол жетімді етуге болады. Мақалалардың соңғы нұсқаларының толық мәтіндерін журнал сайтындағы (сонын ішінде, DOI арқылы) жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып үшінші тарап сайттарында қол жетімді етуге болады.
Репозиторийлерде контентті орналастыру
Журналдың редакциясы авторларға мақалалардың жариялауға қабылданған нұсқаларын және/немесе алдын ала басып шығару нұсқаларын Интернет желісіндегі парақшаларында, өз ұйымдарының сайттарында және көпшілік репозиторийлерде (ResearchGate сияқты немесе medRxiv.org) орналастыруға рұқсат береді және тіпті ұсынады. Мақала жарияланғаннан кейін редакция авторлардан журналдың сайтындағы мақаланың соңғы нұсқасына сілтеме жасауды талап етеді.
Біз мақалаларды үшінші тарап репозиторийлеріне орналастыру кезінде келесі ақпаратты көрсетуді талап етеміз:
- ‒ егер мақала әлі жарияланбаған болса ‒ журналдың сайтына сілтеме жасай отырып, қолжазбаның жариялауға қабылданғаны немесе қарауға берілгені туралы нақты мәлімдеме;
- ‒ барлық жарияланған мақалалар үшін-журналдың сайтына (сонын ішінде DOI арқылы) мақаланың соңғы нұсқасына сілтеме;
- ‒ мақаланың жарияланған нұсқасы орналастырылған лицензия шарттары туралы нақты мәлімдеме.
Берілу мысалдары:
- ‒ Бұл мақала Journal of the National Congress of Historians [https://doi.org/XXX] журналында жарияланды. Бұл нұсқа тек жеке коммерциялық емес жағдайда пайдалану үшін тегін көру және жүктеуге қол жетімді. Бұл жарияланымды басқа алаңдарда туынды шығармалар жасамай-ақ, тарату және коммерциялық емес пайдаланудың басқа нұсқалары үшін пайдалануға болады. © құқық иесі.
- ‒ Бұл мақала Journal of the National Congress of Historians [https://doi.org/XXX] журналында жарияланды. Бұл нұсқа Creative Commons CC BY-NC-ND лицензиясы бойынша жарияланған. Мақаланың осы нұсқасын коммерциялық мақсатта таратуға немесе пайдалануға тыйым салынады. Туынды шығармалар таратылуға жатпайды. © құқық иесі.
Репозиторийлердегі мақалаларға сілтеме жасау
Мақаланың жарияланымға қабылданған нұсқасына немесе оның алғашқы нұсқасына сілтеме жасау кезінде біз оқырмандар мен авторлардан мақаланың соңғы нұсқасына сілтеме жасап DOI пайдалануын сұраймыз.