Авторлық құқық

“Journal of the National Congress of Historians” редакциясы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңына және тиісті халықаралық келісімдерге негізделген.

Осы журналда мақала жариялайтын авторлар төмендегімен келіседі:

  • Авторлар журналда қабылданған өзін-өзі мұрағаттау саясатының шарттарына сәйкес туындыны тарату құқығын сақтайды (толығырақ қараңыз).
  • Авторлар өз жұмыстарын осы журналда қарау процесіне дейін және оның барысында (мысалы институттық сақтау орындарында немесе жеке сайтта) Интернет желісіне орналастыруға құқылы, өйткені бұл нәтижелі талқылау және осы жұмысқа көбірек сілтемелер жасауға әкеледі (қараңыз:The Effect of Open Access).
  • Журналда жарияланған туынды баспа және электронды түрде жазылым бойынша немесе ашық қол жеткізу шарттарында Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International (CC BY-NC-ND 4.0) лицензиясы бойынша баспагердің шешімі немесе баспагердің авторлық ұжыммен жеке шартына сәйкес таратылатын болады.

Авторлардың редакцияға жолдаған қолжазбасы редакциялық алқа және бас редактордың шешімімен ғана жариялауға қабылданады. Редакциялық алқа мен бас редактор өз шешімдерінде мақаланы қарау барысында алынған рецензенттердің қорытындыларына сүйенеді. Рецензиялау рәсімі туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.

Авторлармен берілетін ерекше лицензия баспагерге туындыны келесі тәсілдермен пайдалануға мүмкіндік береді:

  • ‒ мақаланы немесе оның жекелеген бөлігін, сондай-ақ мақаланың метадеректерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кез келген материалдық нысанда, оның ішінде қағаз және электрондық тасымалдаушыда Баспагердің және/немесе өзге де адамдардың журналдарында және/немесе дерекқорларында (жергілікті немесе Интернет желісінде) жеке туынды түрінде Баспагердің қалауы бойынша жаңғырту;
  • ‒ мақаланы немесе оның жекелеген бөлігін, сондай-ақ мақаланың метадеректерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде журналдың құрамында және/немесе Баспагердің немесе өзге де тұлғалардың дерекқорларында кез келген тасымалдаушыда, баспагердің қалауымен немесе Авторға жазылым бойынша сыйақы төлемей немесе ашық қол жеткізу шарттарымен бүкіл әлем бойынша дербес туынды түрінде тарату;
  • ‒ мақаланы немесе оның жекелеген бөлігін, сондай-ақ мақаланың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі метадеректерін кез келген адам мақалаға кез келген жерден және кез келген уақытта өз таңдауымен (оның ішінде Интернет арқылы) қол жеткізе алатындай етіп жалпыға ортақ назарға жеткізу;
  • ‒ мақаланы және оның жекелеген бөліктерін, сондай-ақ мақаланың метадеректерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде пайдалануға Авторға сыйақы төлемей, Журналдың сайтында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы Авторды бұл туралы хабардар ете отырып, үшінші тұлғаларға рұқсат беру;
  • ‒ осы Шарт бойынша Баспагерге тікелей берілмеген өзге де құқықтар, соның ішінде Автор мақалада сипатталған кез келген процестерге, тәсілдерге немесе әдістерге және басқаларға патенттік құқықтар, сондай-ақ тауар белгілеріне құқықтар Авторда сақталады.