И. Я. Словцовтың жол жазбаларындағы Солтүстік Қазақстан өңірінің тарихи-этнографиялық қырлары

Ғылыми мақала

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.65076/

Кілт сөздер:

Солтүстік Қазақстан; И. Я. Словцов; жол жазбалары; тарихи-этнография; тарихи география; көшпелі және отырықшы шаруашылық; өңірлік даму

Аңдатпа

Мақалада XIX ғасырдың екінші жартысындағы Солтүстік Қазақстан өңірінің тарихи-этнографиялық қырлары бірегей деректік кешен ретінде И. Я. Словцовтың жол жазбалары негізінде талданады. Зерттеудің өзектілігі өңірлік тарих пен этнографияға деген ғылыми қызығушылықтың артуымен, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан аумағының Ресей империясының әкімшілік-саяси кеңістігіне толық енуі жағдайында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық, этномәдени және табиғи-географиялық үдерістерді кешенді түрде зерделеу қажеттілігімен айқындалады. И. Я. Словцовтың жол жазбалары көшпелі және отырықшы халықтың күнделікті тұрмысын, шаруашылық жүргізу тәсілдерін, этномәдени дәстүрлерін, сондай-ақ далалық кеңістікті игеру барысындағы империялық басқару тәжірибесінің ерекшеліктерін сипаттайтын құнды тарихи-этнографиялық дереккөз болып табылады. Бұл жазбалар Солтүстік Қазақстан өңіріндегі дәстүрлі қоғамның құрылымын, әлеуметтік бейімделу механизмдерін және аймақтық дамудың тарихи алғышарттарын қайта құрастыруға мүмкіндік береді. Мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – И. Я. Словцовтың жол жазбалары негізінде XIX ғасырдың соңындағы Солтүстік Қазақстан өңірінің тарихи-этнографиялық дамуын, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлардың аймақ өміріне ықпалын талдау.  Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды: - И. Я. Словцовтың жол жазбаларының тарихи-этнографиялық дереккөз ретіндегі ғылыми құндылығын анықтау; - Ақмола облысы Көкшетау уезінің әлеуметтік-саяси, шаруашылық және этнодемографиялық жағдайын сипаттау; - көшпелі және отырықшы халықтың тұрмыс-тіршілігі мен шаруашылық құрылымының өңірлік ерекшеліктерін айқындау;- Солтүстік Қазақстанның тарихи географиясы мен аймақтану мәселелерін зерттеуде Словцовтың ғылыми мұрасының маңызын көрсету. Материалдар мен әдістер. Зерттеудің әдіснамалық негізін деректанулық талдау, тарихи-контекстуалдық тәсіл және салыстырмалы-тарихи әдіс құрайды. Негізгі дереккөздер ретінде И. Я. Словцовтың жол жазбалары, Ақмола облысының статистикалық шолулары, революцияға дейінгі анықтамалық басылымдар, сондай-ақ заманауи ғылыми зерттеулер мен статистикалық мәліметтер пайдаланылды. Пәнаралық тәсілді қолдану өңірдің географиялық жағдайы, этнографиялық сипаттары, шаруашылық жүйесі мен демографиялық үрдістерін өзара байланыстыра қарастыруға мүмкіндік берді. Зерттеу барысында И. Я. Словцовтың жолсапар жазбалары Солтүстік Қазақстанның табиғи-географиялық ортасын, дәстүрлі шаруашылық үлгілерін, этномәдени тәжірибесін және әлеуметтік құрылымын бейнелейтін көпқырлы дереккөз екені анықталды. Автор сипаттаған көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің ұйымдасуы, ресурстарды пайдалану ерекшеліктері және шаруашылықтың кеңістіктік құрылымы өңір халқының әлеуметтік-экономикалық өмірін терең түсінуге мүмкіндік береді. Словцовтың бақылаулары ресми статистикалық деректермен салыстырғанда, көшпелі шаруашылықтың далалық орта жағдайына бейімделген ұтымды жүйе екенін дәлелдейді. Қорытындылар. XIX ғасырдың соңындағы Солтүстік Қазақстанның тарихи географиясы мен этномәдени ландшафтын қайта құрастыруда И.Я. Словцовтың жол жазбаларының зор ғылыми маңызы бар екені жөнінде қорытынды жасалды. Словцовтың мұрасы әлеуметтік-экономикалық үдерістердің тарихи негіздерін және өңіраралық өзара іс-қимыл әлеуетін тереңірек түсінуге ықпал етеді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Әдебиеттер тізімі

Вибе П. П., Захарова Н. А. Научная деятельность Ивана Яковлевича Словцова. В: Музееведение, региональная история и краеведение в современных исследованиях и практиках. Под редакцией П. П. Вибе. Омск: Омскбланкиздат. 2015. С. 314-319.

Вся Россия. Русская книга промышленности, торговли, сельского хозяйства и администрации: торгово-промышленный адрес-календарь Российской империи. СПб.: А. С. Суворин, 1895. X, XII с., 2319, 808, 496 стб., 324. 52 с.

Обзор Акмолинской области. Акмолинский обл. стат. ком. Омск: тип. Акмолин. обл. правления, за 1878 год. 1879. 37 с.

Первая Всеобщая перепись населения Российской империи 1897 года. Наличное население в губерниях, уездах, городах Российской Империи (без Финляндии). https://www.demoscope.ru/weekly/ssp/rus_gub_97.php?reg=81 дата обращения: 02.08.2024.

Северный Казахстан. О регионах Казахстана. Туризм регионов Казахстана. https://www.orexca.com/rus/kazakhstan/regions/northern_kazakhstan.htm дата обращения: 02.08.2024.

Словцов И.Я. Путевые записки, веденные во время поездки в Кокчетавский уезд, Акмолинской области, в 1878 году. Омск, 1881. 82 c.

Статистика регионов РК. Бюро национальной статистики. https://stat.gov.kz/ru/region/ дата обращения: 02.08.2024.

Щербинин А.И. Любите свой край родной, знайте его историю. https://kokshetoday.kz/lyubite-svojj-krajj-rodnojj-znajjte-ego-istoriyu-chast-pervaya/ дата обращения: 03.08.2024.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ОТАН ТАРИХЫ