Мұрағаттау және сақтау

“Journal of the National Congress of Historians” журналының баспа жүйесінде PKP Preservation Network (PKP PN) желісі арқылы журналдардың мазмұнына қол жетімділіктің электрондық сақтық көшірмесі орнатылған бұл журналдың толық мұрағаттарының ұзақ мерзімді сақталуына және бүлінген ақпараттың автоматты түрде қалпына келтірілуіне кепілдік береді.

1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-I «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының «Мерзімді басылымдардың міндетті даналары және теле, радиобағдарламалар материалдарын сақтау» атты 16-бабына сәйкес журналдың міндетті даналары бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханаларына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітап Палатасына жіберіледі.

Электрондық нұсқалары Қазақстан Республикасының 24.10.2024 жылғы № 495-НҚ мерзімді баспа басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық мұрағатын қалыптастырудың бекітілген Ережелеріне сәйкес «ҰМҒТСО» АҚ Қазақстан Республикасы электрондық кітапханасының қорына; Мәдениет және ақпарат министрлігінің электрондық мұрағатына ұсынылған.